Атырау қаласындағы үш мешітте Қостанайға жылу жинау басталды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы облыстық Иманғали мешітінің наиб имамы Арман Исаев мәлімдеді.
Арман ИСАЕВ, Иманғали мешітінің наиб имамы:
"Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадистерінің бірінде: "Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады" деген. Қостанайлық бауырларымызға келген қиындықты барша мұсылмандарға болған сынақ деп те қабылдауымыз керек. Өйткені, осындай қиын тұста біздің бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз бен жомарттығымыз сыналады. Сол үшін де Атырау облысының жамағаттары бұл жағдайға бей-жай қарамай, қолдан келген көмегін көрсетуге әзір. Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның облыстағы өкілдігі басшылығымен "Иманғали", "Қ.Мұңайтпасов" және Дамбы ауылындағы Атырау ауылдық мешітінде сондай-ақ барлық аудандық мешіттерде гуманитарлық көмек жинау басталды. Қосымша сұрақтар бойынша 87025001655 нөміріне қоңырау шалсаңыздар болады".