Атырау мемлекеттік қызметшілері волонтерлік жобаларға қатысуда

2023 жылы Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жанынан мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру мақсатында консультативтік-кеңесші орган – Еріктілер кеңесі құрылған болатын.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Еріктілер кеңесі мемлекеттік қызметшілер арасында волонтерлік қозғалысты үйлестіреді, олардың бастамаларын қолдап, өткізілетін іс-шаралардың заңнама талаптарына сай болуын қамтамасыз етеді.

2025 жылдың басынан бері еріктілер көптеген пайдалы және маңызды шараларды өткізді. «Жасыл әлем» экологиялық жобасы аясында ағаш отырғызылып, тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру мен айналасын тазалау жұмыстары атқарылды. Бұл бастамалар «Asyl Mura» жобасы аясында орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе жүзеге асырылды.

Мемлекеттік қызметшілер сонымен қатар келесі әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуда:

«Taza Alem» – қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар,

«Мейірімді дос» – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және жалғызбасты қарияларға көмек көрсету,

«Qamqor» – көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету.