Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау сұмдық жайттардың бетін ашыпты. Мәселен, бір қызметкер бір уақытта бірнеше мекемеде жұмыс жасағаны анықталған. Сондай-ақ, оқушылар мен қызметкерлер саны бірдей мектептерге қаражат әртүрлі көлемде бөлінген. Тіпті, басшылар өздеріне үстемеақы аударып жүрген. Сол сияқты, 80-нен астам қызметкердің дипломы жалған болып шыққан.
Жәнібек Қаражанов облыстық білім беру басқармасына тиісті ұсыныстар жолданғанын жеткізді.