Тозығы жеткен вагондардың қашан жаңартылатыны туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды AtyrauPress.
Ведомство басшысының айтуынша, Атырау-Маңғышлақ бағытындағы вагондар биыл ауыстырылмайды. Вагондардың тозуы тек бұл бағыттағы поезға емес, бүкіл Қазақстанға қатысты ортақ мәселе болып отыр.
«Атырау-Манғышлақ поезының вагондары биыл ауыстырылмайды. Дегенмен де біз қарап отырған жоқпыз. Биыл 57 жаңа вагон аламыз. Оны Қазақстандағы «ЗИКСТО» зауыты жасайтын болады. Ал 2024 жылы тағы 100 жаңа вагон аламыз. Егер қосымша қаражат көздері табылса, тағы 157 вагон алу жоспарда бар. Сонда келесі жылдың соңында жалпы 257 вагон жаңаланады. Бірақ қай бағыттар бойынша вагондардың ауыстырылатынын әзірге жоспарламадық», - деді министр Марат Қарабаев.
М.Қарабаевтың айтуынша, Қазақстанда 2,5 мың вагон бар. Оның ішінде тозығы жеткендері жоспар бойынша жаңаланады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА