Зауытта бүгін сағат 13:58-де кондицияға сәйкес емес мұнай өнімдерін қабылдау линиясында өрт шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сағат 14:03-те жану толықтай сөндірілді. Қазір орын алған жағдайдың себептері анықталып жатыр.
"Оқиға технологиялық нысандардың жұмысына әсер еткен жоқ", - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
Мира Нұртаева