Атырау мұнай өңдеу зауытында не болған?

«АМӨЗ» ЖШС 13 қыркүйек жергілікті сағат  06:45-те «KEGOK» акционерлік қоғамының тарапынан электр энергиясының төмендеуі салдарынан бірқатар технологиялық қондырғылардың жұмысы тоқтағанын хабарлады. AtyrauPress тілшісі мұның еліміздегі бензин бағасының өсуіне әсері бар-жоғын білді.

«Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында зауыттың отын желісі факелдік жүйеге жіберілді. Қазір қондырғыларды қайта қосу, режимді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Орын алған жағдай өндірістік процеске айтарлықтай әсер етпейді. Сәйкесінше, мұнай өнімдерінің бағасына да еш әсері болмайды» деп мәлім етті аталған зауыттың баспасөз қызметі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ