Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы тағайындалды

Ғалымжан Жусанбаев «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Petrocouncil.kz. Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Ғ.Жусанбаев 2005 жылдан бастап мұнай-газ саласында еңбек етеді.

Әр жылдары «SAT Operating Aktau» ЖШС зауытында бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ компаниясында, «Petro Export» ЖШС-де бас директор болып жұмыс істеді.

Мұрат Досмұратовтың кәсіпорын басшысы ретіндегі өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Мира Нұртаева