Атырау мұнай өңдеу зауытын арнайы комиссия тексереді

Әлеуметтік желіде Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болғаны жайлы хабар тарады. 

Осыған орай «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мәлімдеме жасады.

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайға қатысты әлеуметтік желіде соңғы жарияланған бүкіл ақпараттың назарға алынып, қарастырылатынын хабарлаймыз. Жақын арада арнайы комиссия кәсіпорында толық тексеру жүргізеді», - дейді компаниядағылар. 

Қазіргі уақытта Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Жалпы өндірістік процесс бұзылған жоқ.