Атырау мұнай өңдеу зауыты ашық түсті мұнай өнімдерін шығаруды ұлғайтты

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы баяу кокстеу қондырғысы іске қосу операциялары аяқталғаннан кейін толығымен технологиялық режимге шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Қондырғының толық қуатына шығуы ашық түсті мұнай өнімдерін өндірудің тәуліктік көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді, Атап айтқанда, автобензиндер шығару көлемі 6 200 тоннаға дейін, ал дизель отыны 4 500 тоннаға дейін артты. Тәуліктік мұнай өңдеу көрсеткіші 16 300 тоннаны құрайды.

ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес қараша айында АМӨЗ «ЖШС» шамамен 160 000 тонна автобензин және 116 000 тонна қысқы дизель отынын өндіруді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тауарлық өнімді жөнелту процесі кідіріссіз жүргізілуде.