"Атыраудың" 34 жастағы поляк шабуылшысы Петр Гжельчак "Мақтааралға" қарсы ойында (1:1) Премьер-Лигада өзінің 10-шы добын соқты, деп хабарлайды Sports.kz.
"Атырау" сапында Премьер-Лигада Петр Гжельчак 2019 жылы 31 тамызда Атырауда "Ертіске" қарсы ойында дебют жасады (0:3). Ол бастапқы құрамда шығып, бірінші таймнан кейін Алекс Бруноға ауыстырылды. Премьер-Лигадағы алғашқы голын 2019 жылы 29 қыркүйекте Атырауда "Оқжетпес" сапынан Ярослав Багинскийдің қақпасына соқты (2:2). "Атырау" сапында бүгінгі таңда Премьер-Лигада 41 матч өткізіп, 10 гол соқты. Сондай-ақ, "Атырау" сапында бірінші лигада (12 матч, 5 гол) және Қазақстан Кубогында (7 матч, 3 гол) гол соқты.