Атырау көшелерін қардан тазарту жұмыстары жалғасуда (+ВИДЕО)

Қардан тазарту және көктайғақтың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

"Сағат таңғы 02:00 ден бастап іске кіріскен қызметкерлер қарды тазартудан бөлек, көпірлер мен әлеуметтік-қоғамдық орындарға арнайы ерітінділер себуде. Осы ретте, 34 арнайы техника мен «Арнаулыавтобаза» мекемесінің 250-ге жуық қызметкері жұмылдырылды. Нәтижесінде, 840 текше метр қар шығарылып, 48 тонна реагент себілді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады" делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.