22 наурыз күні Атырау қаласындағы түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал туындап, ол қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Оқиға салдарынан жанжалға қатысушылардың бірі дене жарақатын алып, кейін көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталғандар арасындағы жанжал дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Динара Канбетова
Фото: pixabay