Атырау қаласы шаңды дауыл тұрды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау. 14 қыркүйек. Облыс тұрғындарына жел тұрып, найзағай ойнайтыны туралы ескерту хабарлама жіберілген еді. Атырау облысы ТЖД мәліметінше, "112" және "101" қызметтеріне ауа райына байланысты қандай да бір оқиғалар, өрт туралы хабарлама түспеген.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті: - 14 қыркүйекте Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік - шығыстан жел соғады, түнде батыста, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Мамандардың болжамы бойынша қалада 13 қыркүйек сағат 20.00-ден бастап байқалатын құмды дауыл 14 қыркүйек сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Суретті түсірген - Арсен Боранов