Атырау әкімдігінде – кадрлық ауыс-түйіс

Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Айбек Қадралиев тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Айбек Сәрсенбайұлы 1980 жылы Атырау облысында туған.    

2005 жылы - Каспий қоғамдық университетін аяқтап, «заңгер» мамандығын, 2015 жылы - Батыс-Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университетін аяқтап, «Жерге орналастыру» мамандығын   алған.

Еңбек жолын 1998 жылы  "Құрманғазы аудандық судан құтқару стансасында" жұмысшы  болып бастаған. 2006 жылдан мемлекеттік қызметте, 2006-2007 жылдары Атырау қалалық мамандандырылған сотында, 2007-2009 жылдары Атырау облыстық Әділет департаментінің жылжымайтын мүлік құқықтарды тіркеу бөлімінде, 2009-2012 жылдары Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданы Әділет басқармасы бастығы, 2012-2013 жылдары Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясында  бөлім бастығы болып,  2013-2020 жылдары Атырау қалалық Әділет басқармасының басшысы лауазымында, 2020-2021 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жер қойнауын пайдалану, орман және су шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымында, 2021-2022 жылдары Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушы,2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде, Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 
         
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеген.

Бұрын бұл қызметті атқарған Емберген Самат Жұмабайұлы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы қызметіне ауысқан болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ