Бұл туралы AtyrauPress тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыста интернет алаяқтардың арбауына түскендер артып отыр. Осы ретте полиция қызметкерлері тарапынан профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізіліп отыр.
Мәселен, былтыр Атырау облысында интернет алаяқтықтың 747 қылмысы тіркеліп, оның 104-і сотқа жолданған. Жәбірленушілерге құны 400 млн материалдық шығын келген.
Тіркелген қылмыстардың ішінде интернет арқылы жалған жарнама алдын-ала төлем арқылы алданғандар бойынша 480-ге жуық, онлайн несие рәсімдеу - 96, жалған сілтемелер - 8, банк және құқық қорғау қызметкерлері болып хабарласу - 50, жалған парақшалар ашып, ақша сұрау – 9 және ақшаны көбейтіп беремін деп ойындарға ақша салудың 32 жағдайы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, жәбірленушілер алаяқтықтың әр түріне шамамен 30-50 млн теңгеден беріп, шығынға батқан.
Эльмира Мықтыбаева