18 шілде күні Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін «Атырау» шағын ауданы, Ескі қала және Ескі аэропорт тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы AtyrauPress Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жиын барысында қала басшысы өңірдің даму бағытына қысқаша тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырды.
Кездесу барысында қала тұрғындары ойын алаңдарының жоқтығы, көгалдандыру, жол, жаяу жүргіншілер және қоғамдық көлік мәселесіне қатысты мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін айтты.
Тұрғындардың сауалдарына жауап берген қала әкімі берілген ұсыныстар кеңінен зерделеніп, шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.