Атырау қаласында жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды

Қала аумағында жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын 12 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атап айтсақ, Әлімбаев, Ерниязов, Жарбосынов, Неверов, Абдрахманов, Еркінов, Аманшин, Дүтбаев көшелері, "Нұрсая" шағынауданы №2 өткел мен №80, 81, 90 үй аумағы, «Ет комбинаты»шағынауданындағы  №1 көше, Майлин даңғылы аумағында тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Қазіргі таңда алғашқы жұмыстар М.Әлімбаев көшесінде жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмыстарды «Жайық Сити» мердігер мекемесі атқаруда.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА