Атырау қаласында «Начало» атты анонимді алкоголиктер тобы ашылды

Атырау қаласында «Начало» атты анонимді алкоголиктер тобы ашылғаны туралы хабарлаймыз. 

Егер өзіңізде немесе жақындарыңызда алкогольмен байланысты қиындықтар бар болса, егер қатты шаршап, басыңыз қатып, тығырықтан шығар жол таппасаңыз, егер алкоголь сіздің өміріңіздің тас-талқанын шығарса онда дәл қазір көмек алатын мүмкіндігіңіз бар.  Бәрі тегін әрі құпия түрд болады. 

Егер сіз жиі ішімдік ішетін болсаңыз, ішіп бастағасын тоқтау қиын болса, егер ішімдіктің кесірінен әртүрлі келеңсіз жағдайларға тап болып жүрсеңіз, онда ішімдікті қойып, қорқыныш пен шарасыздыққа толы өмірден құтылғысы келетін ерлер мен әйелдердің басын қосатын Ұйымға келіңіз! 

«Начало» Анонимді алкоголиктер тобының кестесі:

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 19.15 - 20.45 аралығында. 
Мекенжайы: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы 39, А корпусы, 2 кабинет. 

Толық ақпаратты мына телефоннан алуға болады: +7 705 449 2468.