Атырау қаласында аулаларды абаттандыру жалғасуда

Облыс орталығында 100 ауланы абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша, қала әкімінің орынбасары Серік Нсанбаев «Огородный», «Вокзал маңы», «Алмагүл» шағынаудандарындағы  тұрғын үйлерде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерді.

 Пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың ұсыныстарына сәйкес жасақталған «100 аула» жобасы 2022 жылы қолға алынған болатын. Биыл бірнеше шағынауданда 76 үйдің ауласын абаттандыру басталды. Жасақталған жоба ішінде тұрғын үй аулаларының автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, балалар ойын алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату жоспарланған. 

«Жұмыс барысын тексерген қала әкімінің орынбасары мердігер мекеме мен сала басшыларына жұмыстардың сапалы және уақытылы атқарылуы қалалық әкімдіктің қатаң бақылауында болатындығын ескертті», - деді баспасөз қызметіндегілер.  

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА