Атырау қаласынан 920 текше метр жаңбыр суы сыртқа шығарылды

Өңірде жауған жаңбырдың салдарынан мөлшерден тыс су жиналуына себеп болды. Осы орайда, пайда болған суларды тазарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Ол үшін "Арнаулыавтобаза" мекемесі тарапынан 24 вакуумдық көлігі жұмылдырылды. Осы орайда, орталық көшелерден бөлек негізгі жұмыстар су басу қауіптілігі жоғары жеке тұрғын үйлердің аумақтарына баса назар аударылып отыр.

Өз кезегінде "Арнаулыавтобаза" мекемесінің басшысы Алмас Ізтілеуов қазіргі таңда техникалардың барлығы жиналған жаңбыр суын тазалау үшін жұмылдырылғанын айтып, бұл жұмыстар екі ауысыммен түнгі уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.