Атырау қаласына арналған 2023 жылдың ораза кестесі жарияланды

Биыл Ораза 23 наурызда басталады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress. 

"Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан 23 наурызда басталады. Ал сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түн - қасиетті Қадір түні. 21 сәуір - ораза айт мерекесі", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

 

Мира НУРТАЕВА