«Жаныңдамын!» волонтерлік ұйымы тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайды, деп хабарлайды AtyrauPress Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында аталған волонтерлік ұйым тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайып, құрмет көрсетті.
«Жаныңдамын!» волонерлік ұйымының жетекшісі Мейрамгүл Есниязова ардагерлерді мерекемен құттықтап, волонтерлік топтың әртүрлі санаттағы адамдармен бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанын, қазіргі уақытта «Жеңіс» жобасы аясында жыл басынан тыл ардагерлерімен үнемі байланыста екенін тілге тиек етті.
- Ұлы Жеңіс елімізге оңайлықпен келген жоқ. Бүгінде облысымызда қатары күннен-күнге сиреп бара жатқан ардагерлерімізге құрмет көрсету - біздің басты мақсатымыз және негізгі міндетіміз. Біз олардың бүгінгі өмірін жеңілдету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, деді М.Есниязова.
Айта кетейік, бүгінгі күні Атырау қаласы бойынша тылда еңбек еткен 532 ардагер бар, ең үлкені 105-ті алқымдап қалса, соңғы буын 80 жастан асты.