Атырау қаласы әкімінің жазбасы қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде қала әкімінің Сәтбаев ескерткіші алаңындағы құстарға жем бермеуі туралы ұсынысы тұрғындардың қызу талқысына түсуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Бірі жақтап, бірі даттап жатыр. Мен сіздерге бұл жағдайды басқаша баяндауды жөн көрдім. Суретте ескерткіштің екі күндегі айырмашылығы. Бірі «Арнаулы автобаза» қызметкерлерінің еңбегі, екіншісі құстардың ескерткішке екі күнде жасаған сыйқы. Құстың саңғырығы да оңай сүртіле салатын зат емес әрі ескерткіштің де көркін бұзуда, балалардың да құстың саңғырығына толы жерде ойнауы санитариялық талапқа сай емес. Бүгінде «Арнаулы автобаза» қызметкерлері күнделікті сол маңды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Орындықтарды да тазалап, сырлап кейін қайта алаңға орналастырады. Ал алаңға қоршаған ортаны ластайтындықтан құстарға жем бермеу сұралатыны жөнінде тақтайша орнатылатын болады. Бұл практика өзге де қалаларда қолданылған. Бізде де жүзеге асырылады деген сенімдеміз" дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ