Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне Кенжемұратова Айша Бауыржанқызы тағайындалды.  Бұл туралы өзі әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress.  

Айша Кенжемұратова 2000 жылы 12 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 2015-2019 жылдары Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжін, 2019-2022 жылдары С.Байшев атындағы Ақтөбе университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын аяқтаған.

2018-2023 жылға дейін Атырау облысы әкімі аппаратының Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналист, «Атырау - Ақпарат» медиахолдингінің «Жаңа медиа» бөлімінде журналист, қазіргі уақытқа дейін Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы қызметінде болған.

Еске сала кетейік, 10 шілде күні Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды.