Атырау қысқа дайын ба?

Атырау қаласындағы 4 жылу беру бекеті қысқы маусымға дайын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Нұрсая ықшам ауданындағы Сұңқар және Т.Жұмағалиев 17А тұрғын үй кешеніне жылу беру бекеттері жаңартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.

- Реконструкциялау жобасы бойынша 4 жылу қазандығы, 16 жылу айналдырғыш және 1 жылу алмастырғыш ауыстырылды. Осындай жұмыстар қаладағы 9 жылу беру бекетінде жүргізіліп жатыр, - деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай.