Атырау көшелерінен 1800 текше метрге жуық су шығарылды

1 қараша сағат 04:00-ден бері «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлері қала көшелерін жаңбыр суынан тазалау жұмысымен айналысып жатыр, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

30-ға жуық арнайы техника ең алдымен әлеуметтік нысандардың маңындағы суды соруда. Ықшам аудандар мен негізгі көшелер де тазартылуда.

- Таңнан бері қала көшелерінде тазарту жұмыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлерден 23 техника тартылды, - деді А. Ізтілеуов.

Қазіргі уақытта әлеуметтік нысандардың айналасын, Авангард, Сарықамыс, Вокзал маңы ықшам ауданы мен Б.Құлманов, Азаттық көшелерін, арықтарды тазалау жұмысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, қала тұрғындары су сору жұмыстары туралы өтінішті Атырау облысы әкімдігінің 109 бірыңғай байланыс орталығына бере алады.