Атырау көшелері адам танымастай өзгеруде!

Қаныш Сәтпаев даңғылындағы көппәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Былтыр қазанда Қ.Сатпаев даңғылындағы жеті көппәтерлі үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінде олардың төртеуі толықтай жөнделіп, қалған үшеуіндегі жұмыстар 90%-ға аяқталды. Бұл туралы қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ербол Айтқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметіне мәлім етті. Жоба аясында ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, заманауи түстермен әрленді. Шатыры толық ауыстырылып, жаңа оқшаулағыш материалдармен жабдықталды. ЛЭД жарық шамдары орнатылып, домофон жүйесі жаңартылды. Сондай-ақ аулаға жаңа орындықтар қойылды.

⁃ Құрылыс жұмыстарын «TAU CORPORATION LTD» ЖШС, «NS-consttruction» ЖШС және «Тенгиз Транс Казахстан» ЖШС жүргізуде. Жоспарға сай үш үй шілдеде тапсырылады. Бұл жұмыстар жергілікті бюджеттің қаражатымен жүзеге асуда, - деді Е.Айтқалиев.

Амандық АБДОЛ