Атырау-Құлсары тасжолында жол апаты болды

Өткен тәулікте Мақат ауданы Атырау-Құлсары тасжолының 50 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Салдарынан 4 адам зардап шекті. Бұл туралы Апаттар медицинасы орталығы мәлім етті. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Атырау облысы филиалының «Доссор» трассалық медициналық құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы жетіп, ауырлық дәрежеде жарақат алған 4 жолаушыға медициналық көмек көрсетіп, Доссор орталық ауруханасына жеткізді. Сонымен қатар, психолог мамандар зардап шеккен жолаушыларға психологиялық көмек көрсетті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ