Атырау қаласының Мәслихаты бос жұмыс орнына конкурс жариялады

Қалалық  Мәслихаттың негізгі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы жұмыс орнына конкурс жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

- жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

- мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

- жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы (классификаторға сәйкес) Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Журналистика, Қоғамдық байланыс.

Орташа лауазымдық айлықақы – 210 мың 086 теңге. Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

Функционалдық міндеттерді мына жерден https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-city/vacancies/details/133233?lang=kk толық оқи аласыз.

Эльмира Мықтыбаева

Фото: freepik.com