Атырау қаласының әкімі Сарыөзек тұрғындарымен кездесті

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Сарыөзек шағынауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Кездесуде қала әкімі алдымен аталған шағын аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал тұрғындар өз сөздерін шағын ауданда ашылған жаңа мектеп пен құрылысы жүріп жатқан көше жарық шамдары үшін алғыс айтудан бастады. Кейін қала әкімі тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Тұрғындар көшелерге тас жол төсеу, абаттандыру, жаңа аялдамалар және қоқыс контейнерлерін орнату сынды ұсыныстар мен мәселелерін көтерді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ