Атырау қаласының әкімі референдумға қатысты 

Шәкір Кейкін Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында орналасқан №8 референдум учаскесіне барып, Қазақстанда алғашқы АЭС салу туралы референдумда өз таңдауын жасады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

- Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Әр азаматтың пікірі мен таңдауы маңызды. Мен де өз таңдауымды жасадым. Жалпы қала бойынша 134 референдум учаскесі таңғы 7.00-ден бастап жұмыс жұмыс істеп жатыр , - деді Ш.Кейкін.
Аталған референдум учаскесінде 1031 дауыс беруші тіркелген. Оның жетеуі үйден дауыс беруге өтініш білдіріпті.