Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен маса улау жұмыстарының қарқынын көбейту және туындаған мәселені жедел түрде шешу жөнінде жиын өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жиынға қала аумағындағы ПИК басшылары, дезинсекция саласымен айналысатын мекеме иелері, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты. Қала әкімі ПИК басшыларына маса улау мәселесін ұйымдасқан түрде шешуді ұсынды. Жиын барысында жауапты бөлімге маса улау жұмыстарымен айналысатын дезинсекциялық мекемелерді тарту және арнайы техникалар мен құрылғылардың санын көбейту жұмыстары тапсырылды.
Айта кетейік, маса улау жұмыстарының кеш басталуына мердігер мекеменің уақытылы анықталмауы себеп болған болатын. Бүгінгі күннен бастап маса улау жұмыстары күшейтілген түрде атқарылатын болады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ