Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қала аумағын қамтитын маршруттық автобустардың қызмет көрсету сапасы мен санитарлық тазалығына жеке бақылау жүргізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тексеріс барысында қала әкімі автобустардағы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін көліктердің тазалығын, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын, аялдамалар арасындағы аралық уақытты сақтауын бақылауға алды.
Анықталған олқылықтар бойынша автопарк иелеріне ескерту жасады.
Айта кетейік, қала аумағында 31 бағытта 249 қоғамдық көлік жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық көліктерге қатысты өтінімдеріңіз болса, әлеуметтік желі парақшаларымызға жолдауға болады.