Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен үйқамаққа шығарылды, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 11 қарашадағы қаулы бойынша Қ.Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
«Атырау облысы прокурорының өтінішхаты бойынша Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Қ.Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы оның денсаулық жағдайына байланысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді» , - делінген хабарламада.
Еске салайық, прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарлаған еді.
Айта кетейік, Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Оразбаев былтыр 9 қарашада қамауға алынды. Ол 2020-2022 жылдары облыс орталығын басқарды.
Эльмира Мықтыбаева
Фото: freepik.com