Атырау қаласының бұрынғы әкімі басшылық қызметке тағайындалды

Бір кездері мұнайлы астананы басқарған Алимұхаммед Құттымұратұлы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ аппаратының басшысы болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұған дейін ол Атырау қаласы мен Жылыой ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары және ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған болатын. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Petrocouncil.kz