Атырау қаласында жолдар қардан тазаланып, реагенттер себілуде

Қала тұрғындарына қауіпсіздік тудырмау мақсатында жаяу жүргіншілер жолы және аялдамалар қардан тазаланып, тұз бен құм себу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайы AtyrauPress.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде жолға себетін 200 м³ құм мен 200 тонна техникалық тұз бар.

Ал «Арнаулы автобаза» мекемесінің 6 вакуум, 8 трактор және 3 құм себетін техникасы қала көшелерінде реагент себуге жұмылдырылған.

«Қала әкімі Шәкір Кейкин бұл мәселені басты назарда ұстап, қажет болған жағдайда меморандумға сәйкес ірі мекеме өкілдерінің де техникаларымен қамтамасыз етілетінін айтты», деді баспасөз қызметіндегілер.

Эльмира Мықтыбаева