Атырау қаласында не боп жатыр?

Атыраулық өрт сөндірушілер өрттің тұрғын үйге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, 14 маусымда сағат 20:43-те Махамбет көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің бірінші қабатынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде аталған мекен-жайдағы үйдің бірінші қабатында орналасқан әйелдер аяқ киімі дүкенінің шатыры жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер өрттің пәтерлерге таралуына жол бермей, өртті тез арада жойды. Өрттің ауданы 24 шаршы метрді құрайды, дүкеннің жалпы ауданы - 100 шаршы метр.

Өрт сағат 21:04-те оқшауланып, 21:08-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
Қызыл жалынды ауыздықтауға 18 қызметкер, бес техника жұмылдырылды.

"Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!" дейді төтеншеліктер.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ