Бүгін сағат 15:43-те Атырау қаласындағы көшелердің бірінде қараусыз тұрған ғимараттың ішіндегі ағаш баспалдақ пен төбе жабындысының өртенуі бойынша шақырту түсті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Құтқарушылар шақырту орнына уақытылы барып, өрт сағат 16:39-да толықтай жойылды. Қоғаммен байланыс тобы мәлім еткендей, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 12 құтқарушы мен үш техника жұмылдырылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ