Қаланы қардан тазарту жұмыстарына 107 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қаланы қардан тазалау жұмыстарына жұмылдырылған 107 техника көшелер, көпірлер, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолын қардан және жиналған қар суларынан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытқа дейін 20 000 текше метрден астам қар шығарылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетер жайт, қардан толық тазарту жұмыстарын оңай әрі жедел ету мақсатында жеке сектор тұрғындары ауласындағы қарды сыртқа күреп шығарғандары абзал. Әсіресе, Первый участок, Майлин, Тәттімбет күйші, Шолохов, Фрунзе, Мирас, Балықшы, Құрсай, Ақ Депо, Өркен, Балауса шағынаудандары тұрғындарының құлақ түргені жөн.
Егер тазалау жұмыстары жүргізілмей қалған көшелер болса әлеуметтік желі арқылы немесе 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласу арқылы өтінім берулеріңізге болады.
Эльмира Мықтыбаева
Фото видеодан скрин жасап алынды