Кеше қолайсыз ауа-райынан қаладағы Дамбы ауылдық округі, Ақжар-1, Жұлдыз-2 шағынаудандары мен «Аягөз» және «Samal-town» тұрғын үй кешендерінде жарық апатты түрде сөнді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Атырау Жарық» АҚ-ның жедел-жөндеу топтары электр қуатын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізді. Бүгін тұтынушыларды электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Бұл туралы «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр жүйелерінің бас инженері Тілеужан Меңдалиев мәлім етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілеріндегі кабельдік желілердің зақымдалуына байланысты Жұмыскер кентінің Ж.Ақпаев, Сүндеталиева, Ж.Мыңбаев және №6, №7 көшелері, сонымен қатар Ширина ауылының Бекманбетов, Наурызбай батыр, Айдарлы көшелері мен №3 көшесінде біртіндеп электр желісі сөнді. Қазіргі уақытта электр желілеріндегі апаттық өшірудің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр, - деді Т.Меңдалиев.
Айта кетейік, учаскелік, жедел-жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге 15 бригада жұмылдырылды. Сондай-ақ АГП-ның үш агрегаты, жартылай тіркеменің екі агрегаты, кранның үш агрегаты, екі жылжымалы зертхана, екі экскаватор және шұңқыр жасайтын (ямобур) екі бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.