Атырау қаласына арналған Ораза кестесі шықты

Атырау қаласына арналған Ораза кестесі шықты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.  

Оразаның алғашқы күні – 11 наурызда  сәресі таңғы сағат 06.29 минутта басталады және сағат жетіден 50 минут кеткенше ауыз бекітіліп болуы тиіс. Ал сол күнгі ауызашар 19 сағат 36 минутта басталады. Құптан намазы 20 сағат 56 минутта оқылады.

Айта кетейік, Оразаның соңғы күні – 9 сәуір. Ал 10 сәуірде Ораза айт мейрамы тойланады.

Сәуір айының 5-інен 6-сына қараған түні - Қасиетті Қадір түні.

 

Эльмира Мықтыбаева

Фото: ашық дереккөдерден алынды 

Ақпарат muftyat.kz