Бұл туралы AtyrauPress тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қаланы қардан және қар суынан тазарту жұмыстарына 60-тан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда 80 мың текше метрге жуық қар және қар суы шығарылды.
"Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отыра, жұмыс кезең-кезеңмен атқарылады", - делінген хабарламада.
Осы мәселеге байланысты өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі және әлеуметтік желі парақшаларымыз арқылы қабылданады.
Мира Нұртаева