Атырау қаласын безендіруге қанша миллион жұмсалды?

Биыл Атырауда жаңа жылдық безендіруге жергілікті қазынадан қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай биіктігі 18 метрлік жеті шырша жағылады. Олар Нұрсая, Вокзал маңы (С.Мұқашев алаңы), Балықшы мөлтекауданы, "Атырау" әуежайы, орталық Исатай-Махамбет пен Бейбарыс алаңдары және М.Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрының алдына орнатылмақ.

«Қаланы жаңа жылдық безендіруге NCOC, Казтрансойл, BI, АИС, АНПЗ, БАЗИС А мекемелері демеушілік көрсетуде. Ал, шыршаны безендіруге қалалық бюджетен 19 миллион теңге қаражат бөлінді» дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.

Ал, шаһардың бас шыршасының шамы апта соңында жағылады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, былтыр қалалық бюджеттен мерекелік безендіруге 31,3 млн теңге бөлінген болатын. Ал, 2020, 2021 жылдарға қаражат бөлінбеді. Оның алдында 2019 жылы 43 млн 700 мың теңге жұмсалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ