Атырау қаласында жиналған жаңбыр суларын тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Таңертеңнен бері 7 арнайы техника жұмылдырылып, Авангард, Вокзал маңы шағын аудандары және қаланың орталық көшелеріндегі жаңбыр суы жиналған аумақтар мен арықтар тазартылуда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті. Жауын-шашын көлеміне қарай техникалар саны ұлғайтылатын болады. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында тазарту жұмыстары уақытылы және тиімді жүзеге асырылып жатыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ