Бұл туралы әкімдіктің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Біздің қала белсенді дамып келеді, жаңа аумақтар салынуда, сондай-ақ Атыраудың орталық бөлігіндегі кварталдарда реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымның жаңа объектілерін, балабақшаларды, мектептерді, емханаларды, абаттандырылған саябақтарды, бульварларды, қоғамдық кеңістіктер мен басқа да маңызды элементтерді қамтитын жаңа мәдениет және демалыс ғимараттарын орналастыруды көздей отырып, күн сайын саны өсіп жатқан қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Қазіргі уақытта біздің облыс орталығының қолданыстағы Бас жоспарын өзектендіру бойынша жұмыстар басталды, онда қалалық ортаны одан әрі дамытудың әртүрлі аспектілері ескерілетін болады. Бәріміз бірлесе көркем қаламызды дамытып, оны одан әрі жақсарта бермекпіз, жаңа Бас жоспарда қабылданған шешімдердің нәтижесінде болашақ ұрпақтарымыз тұрақты дамитын үлкен де жайлы қалада өмір сүретін болады. Қаламыздың бас жоспарындағы шешімдерге қатысты мәселелерді қамтитын сауалнамаға белсенді түрде қатысуыңызды сұраймыз! Сіздердің пікір-ұсыныстарыңыз барлығына қолайлы және жайлы жағдай жасау үшін тұрғындардың қажеттіліктері мен тілектерін жақсырақ түсінуге көмектесетін болады. Сіздің ат салысуыңыз қаламыздың болашағы үшін маңызды!" делінген хабарламада.
Сауалнама: https://docs.google.com/.../1FAIpQLSdkh9xxEN2.../viewform...
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ