Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметін биылғы жылдың ақпан айынан бастап атқарып келе жатқан Анар Жеңісқызы Жеңісова өз еркімен жұмыстан босатылды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Facebook парақшасында жазылған.
Анар Жеңісқызы жұмыстан отбасылық жағдайына байланысты кетіп отыр. Ол мемлекеттік қызметте 2010 жылдан бері еңбек етіп келді.
«Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин осы жылдар ішінде атқарған абыройлы қызметі үшін Анар Жеңісқызы Жеңісованы Алғыс хатпен марапаттады», - деп жазылған әлеуметтік желіде.
Енді Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқару Н.Камашевке жүктелді. Ол осыған дейін бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА