Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Қалалық шкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне Өтеғалиев Нұрбол Нұғманұлы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 
 
Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 1992 жылы Атырау қаласында туған.
 
2015 жылы Т.Рысқұлов атындағы «Жаңа экономикалық университетін» аяқтап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын, 2018 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен «Экономика және бизнес магистрі» мамандығын алған.
 
Еңбек жолын 2016 жылдан Еркінқала ауылдық округі аппаратында мемлекеттік қызметте бас маман ретінде бастаған.
 
Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс жасаған.
 
Мира Нұртаева