Атырау қалалық ардагерлер кеңесі Алғыс айту күнімен құттықтады

Алғыс айту күніне орай Атырау қалалық ардагерлер кеңесі қарттар мен мүгедектігі бар жандарға арналған интернат-үйге барып, мекеме қызметкерлері мен тұрғындарын мерекемен құттықтады.

img 1793

Кездесуде Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің мәні ең алдымен қарапайым адамгершілік көңіл бөлу мен өзара құрметте екенін атап өтті.

img 1792

Кездесу барысында қарттар үйінің қызметкерлеріне күнделікті еңбегі, қамқорлығы үшін Алғыс хаттар табысталды. Мекеме тұрғындарына сыйлықтар әзірленіп, әжелерге ақ жаулық орамал берілді.

img 1794

Мерекелік көңіл күйді концерттік бағдарлама толықтырды. Жиналған қауымға «Халық хорының» орындауында әндер шырқалды. Жылы лебіз, ықылас пен әсем әуен бұл күнді ерекше әсерге бөлеп, алғыстың тек сөзбен емес, қарапайым адамгершілік ілтипатпен де өлшенетінін тағы бір мәрте еске салды.

img 1795

Қарттар мен мүгедектігі бар жандарға арналған интернат-үйдің тұрғыны Азия өз әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, мұндай кездесулер – үлкен қолдау әрі жүрекке жететін шынайы қамқорлықтың белгісі.

«Бізді ұмытпай, арнайы келіп құттықтағандарына өте қуаныштымын. Шынымен толқып тұрмын – мұндай жүздесулер жанға жылу, көңілге қуаныш сыйлайды. Сондай-ақ біздің қызметкерлерге алғысым шексіз: олар бізге жақсы күтім жасап, әрдайым жанымыздан табылады, көмектеседі, қамқорлық көрсетеді. Біз үшін ең бастысы – осы», – деді Азия.

Алёна СОЛОДОВНИКОВА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ