Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.
Несиенің ең жоғары сомасы 20 млн теңгені құрайды. Бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 10% - с басталады. Несие 6 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға дейін беріледі. Өтінімдер 31 тамызға дейін қабылданады.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
ҚР азаматтығы;
Өтініш берген кезде 35 жасқа дейін (қоса алғанда);
Бағдарламаға қатысуға арыз берген кезде қатысушының Атырау қаласында және Атырау облысының аудандарында соңғы 1 (бір) жылдан кем емес үздіксіз тұрақты тіркеуі және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің Атырау қаласы мен Атырау облысында тіркелгені (кәмелетке толмаған балалар, егер бар болса);
Бағдарламаға қатысушының "Отбасы банк" АҚ депозиті болуы тиіс;
Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйі және/немесе меншік құқығындағы тұрғын үйі болмауы;
Қатысушы Атырау қаласы мен Атырау облысының аудандарында орналасқан таңдалған қызмет саласында мемлекеттің қатысуы 100% мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуі қажет.
Бағдарламаға қатысатын санаттардың толық тізімін eatyrau сайтынан көре аласыз.
Фото freepik