Атырау қаһарлы қысқа дайын ба?

«Арнаулы автобаза» ЖШС-нің 46 техникасы мен 300 қызметкері қысқа дайын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, техникалардың арасында аралас жол машинасы, жүк тиегіш, камаз және қар жинайтын ауыр көлік бар. 300 текше метр топырақ араласқан тұз әзір. Ал 400 тонна Индер тұзы қараша айының басында жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Мекеме басшысы Алмас Ізтелеуовтың айтуынша, жанар-жағармай қоры да жеткілікті.

Возможно, это изображение снегоочиститель и текст

-Тұзды ерте алсақ, қатып қалады. Сондықтан келесі айға жоспарлап отырмыз. Өткен екі жылдың қыс мезгіліне қарап, Атырауда қардың көп жауатынын байқадық. Соған сай дайындалдық, күш жетпеген жағдайда үлкен мекемелерден көмек сұраймыз. Мекемеден күніне 80-90 аралығында техника жұмысқа шығады, оның 25-і қоқыс жинайтын көлік. Жалпы саны 800 азамат еңбек етеді. Айта кетейік, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі тарапынан 1000 жаңа қоқыс жәшігі сатып алынды. Күні бүгінге дейін оның 560-ын қала көшелеріндегі қоқыс тастайтын аумақтарға қойдық, - деді «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас Ізтелеуов.

Возможно, это изображение 4 человека и нефтеперерабатывающий завод

ҚПБ әкімшілік полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік авто инспекторы Нұрсұлтан Құрақбайдың айтуынша, қазіргі уақытта коммуналдық мекеменің техникалары тексеріліп жатыр.

Возможно, это изображение снегоочиститель, дорога и текст

- Анықталған кемшіліктерді басшылыққа айтып жатырмыз. Олар олқылықтардың орнын толтыруда. Бұл жұмыс 15-ші қарашаға дейін дейін жалғасады, - деді Н.Құрақбай.

Сәуле МАҒАУ

Фото: ғаламтор

Возможно, это изображение трактор, снегоочиститель и комбайн

Возможно, это изображение снегоочиститель и текст